2026 жылдың 8 қазанда «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи қаумалына Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж. Ермек, кіші ғылыми қызметкер Н. Жабас, инспекторлар Е. Берленов, Е. Айтуов, Б. Тлеужанов және «Umit Mangistau» қоғамдық қоры қызметкерлерінің қатысуымен ителгі мен кәдімгі аражегіш құстары табиғи ортаға қайта жіберілді. Аталған құстар «Zoo Lekar» ветеринариялық клиникасында емделіп, толық сауығып шыққаннан кейін ғана табиғи мекендеу ортасына жіберілді.




