A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

2026 жылғы 4 ақпан күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары рейдтік іс шара кезінде қорық аумағының Кендірлі аймағында сирек кездесетін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң – итаюды (лат. Mellivora capensis) байқап, әдемі видеоға түсірді.

Итаю – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы 68–75 см, құйрығының ұзындығы 17–20 см. Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын әрі өткір тырнақтары бар. Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті болып келеді. Негізінен ымырт пен түнгі уақытта белсенді тіршілік етеді, алайда салқын мезгілдерде күндіз де қозғалысқа түседі. Итаю – қорек талғамайтын жануар. Қорегінің құрамында омытқасыздар мен майда омыртқалы жануарлар (кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кірпілер, құм қояндары, тасбақалар) кездеседі және өсімдік тамырымен және жемісімен қоректенеді.

Бұл оқиға Үстірт қорығы аумағында сирек кездесетін түрлердің сақталуы мен олардың табиғи мекенінде тіршілігін жалғастырып жатқанын дәлелдейді.