Қазақстанда 2 түршесінің біреуі – көлбұқа кездеседі. Ұялайтын жыл құсына және сирек қыстайтын түрге жатады. Ұзындығы 70-80 см, қанат құлашы 125-135 см, салмағы 900-1900 г болады. Тұмсығының түбінен бастап, мойнын бойлап, кеудесіне қарай жалпақ қоңыр жолақ өтеді. Құсойнаққа түсер кезде, даусы бұқаның қысқа өкірген даусына ұқсайды.





