Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында омыртқасыздардың 795 түрі кездеседі. ҚР Қызыл кітабында көбелектердің ішінде біреуі – Алаутүсті микрозегрис-Зорька пламенная-Microzergis pyrothoe қорық аумағында кездеседі. Қазіргі уақытта анықталған жерүсті омыртқасыздарының өкілдері 3 топқа (жәндіктер, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер), 11 отрядқа, 84 тұқымдасқа, 795 түрге жатады.

