Қылқұйрық бұлдырық
Syrrhaptes paradoxus
Саджа
Pallas’s Sandgrouse
Басқа бұлдырықтардан кішілеу (салмағы 200-250 г). Бұлдырықтарға тән жалпы мүсінінде, бұлдырықтың фигурасы онша мығым емес, оның денесі біршама ұзындау. Бұлдырықтардан айырмашылығы, қылқұйрық бұлдырықтың барлық үш алға бағытталған саусақтары бірігіп өскен және оның құмдағы ізі құсқа қарағанда аңның ізін көбірек еске салады, осыдан оның екінші атауы - «тұяқша». Ұшып бара жатканда құрсағындағы қара дағы жақсы көрінеді, бірақ қарабауырға қарағанда соншалықты үлкен емес. Құйрығындағы ұзын бұрымшасы, ұзын өткір қанаттары көңіл аудартады және ұшуының өзі - жеңіл және жылдам. Бірақ қылқұйрық бұлдырықтың бұлдырықтардан басты айырмашылығы-ұшқан кезде көп мәрте «туктуктуктук» деп бір қалыпты күңгірттеу үн шығаруы.
Қоректенуі, су ішу режимі және көбейуін қоса алғанда, қылқұйрық бұлдырықтың бүкіл өмірі басқа бұлдырықтарға өте ұқсас болып келеді. Ұя салуға жиі қыстап қалатын Қазақстанның оңтүстік бөліктерінде наурыз айының соңында ерте кіріседі. Бір маусымда екі ұя циклі болуы мүмкін.


