Қырғи — қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене ұзындығы 28-41 см, қанат құлашы 55-78 см, салмағы 100-340 г. Наурыз – мамыр айларында ұшып келіп, ағаш басына ұя салады. Ұяға салған қошқыл дақтары бар ақшыл жұмыртқаларын (3 – 4) аналығы 35 күндей шайқайды. Аталығы балапандарын 50 күндей қоректендіреді. Қыркүйек – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Қырғи ұсақ торғайларды, кемірушілерді аулап қорек етеді.





