Каспий жуасы (лат. Allium caspium) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Торғай, Сарыарқа, Атырау, Маңғыстау, Арал және Каспий маңы, Қызылорда, Мойынқұм, Қызылқұм, Шу, Іле тауы, Қаратау аймақтарының құмды шөлдерінде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Жуашығы домалақ, көлдеңесі 2 – 4 см, қара сұр қабықпен қапталған. Төрттен бір бөлігі жапырақ қынабымен көмкерілген. Гүлшатыршасы домалақ, көп гүлді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ тәріздес. Каспий жуасының құрамында сапонин көп. Сондықтан ол улы келеді.





