«Кендірлі» және «Өнере»
2024 жылдың 4-5 қыркүйек күндері Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері С.Тұрмағамбетов,
кіші ғылыми қызметкер Ж.Бисембаева жылдық жоспарға сәйкес қорық аумағындағы «Кендірлі» және «Өнере» бұлақтарының су деңгейін бақылау үшін қазықтар қағып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.