Киікоты – еріндігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік немесе шала бұта. Қазақстанда Көкшетауда, Алтай тауларында, Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларында, Қаратауда (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында), көбінесе тау беткейлерінде, сондай-ақ далалық өңірлер мен шөлді жерлердегі аласа тау етектерінде өсетін 6 түрі бар. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні – иісті Киікоты (Z. clіnopodіoіdes). Биіктігі 8 – 50 см, жуан тамырлы, тік сабақты. Жапырағының ұзындығы 0,6 – 2,5 см, ені 0,3 – 1,2 см, түкті кейде түксіз болады. Гүлі сабақ ұшында топтасқан, түсі жасыл не күлгін, қос ерінді, жоғарғы ерні тұтас, төменгісі 3 айырымды.





