A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

Табиғат – адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Оны қорғау – әр адамның міндеті. Осы мақсатта елімізде қорықтар мен табиғи аумақтар құрылып, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтауға ерекше көңіл бөлінуде.Қорық қызметкерлерінің негізгі міндеті – табиғи ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олар қорық аумағын үнемі бақылап, заңсыз аң аулау, өсімдіктерді бүлдіру, өрт шығару сияқты табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алады.Қорықтағы мамандар жануарлардың санын бақылап, олардың тіршілігін зерттейді. Әсіресе Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін түрлерді қорғау жұмыстарына үлкен мән беріледі. Сонымен қатар қорық аумағында тазалық сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу де маңызды.Табиғатты қорғау тек қорық қызметкерлерінің жұмысы емес. Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқыс тастамауы, жануарларға зиян келтірмеуі және өсімдіктерді аяусыз жұлмауы керек. Табиғатты бүгін қорғасақ, оның байлығын болашақ ұрпақ та көре алады.Қорық – табиғаттың сенімді қорғаны. Ал табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет! Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Б.Қожашев