Лашын (Falco peregrinus)
Сұңқартәрізділер отряды
Сұңқартектестер тұқымдасы
Жойылып кету қаупінде тұрған түр. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы. Туыстың тоғыз түрінің Қазақстан фаунасындағы бір түрі.
Космополит, яғни барлық жер шарына кең тараған. Шығыс Қазақстан мен Наурызымда ұялары табылған, миграция кезінде барлық территорияда кездеседі, оңтүстік облыстарда қыстайды, үлкен қалалардың маңында жиі кездеседі, ондағы элеваторлар мен астық қабылдау пунктерінде көптеген дәнқоректі құстар, кептерлер, түркептерлер түрінде өзіне мол қоректік база табады.
Мекендейтін жерлері. Өте алуантүрлі, оның ішінде орманды далалар, таулар. Қыстау кезінде халық қоныстанған ландшафтарға көнігеді (онда ұялаған жағдайлары да белгілі).
Биологиялық ерекшеліктері. Жыл құсы. Ағаштар мен жартастардағы бөтен ұяларды иемденеді, сол сияқты ұясы төсенішсіз табиғи қуыстар. Қоңыр-қызыл түсті 3-4 жұмыртқа мамырда пайда болады және негізінен ұябасары 29-35 күн шайқайды, балапандары жұмыртқадан шыққаннан кейін 35-42 күннен соң ұясын тастайды. Қорегінде майда және орташа денелі құстар басым, оларды әуеде аулайды. Кейде жарқанаттарды, майда кеміргіштерді, ірі бунақденелілерді ұстайды. Көктемгі ұшып келу наурыз-мамырда, күзгі ұшып кету – тамыз – қарашада жүзеге асады.