Өнере – қорықтың оңтүстік шекарасына жақын орналасқан суы тұзды ең ірі бұлақ. 70 жылдары геолог-барлаушылар судың деңгейін көтеретін бөген (бөгеннің жанындағы су қоймасының тереңдігі 2 метр шамасында) орнатқан. Бұлақтың арнасының ұзындығы 6-7 км, оның Кендірлі-соры құйылатын жерінде ені 500 м дейін жететін қалың қамысты тоғайлар өсіп, кішкене көл пайда болған.





