Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2024 жылдың ақпан айының 21-і күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына қарасты «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалына Қазақстанның Қызыл кітабына енген қоқиқаздардың келуіне байланысты ғылым бөлімінің басшысы Ж.Устадов, аға ғылыми қызметкер С.Турмағамбетов және мемлекеттік инспектор А.Сейтназаров «Маңғыстау» телеарнасына сұхбат берді.