Сақалтай
Бородач
Gypaetus barbatus
Сұңқартәрізділер отряды
Қаршығатектестер тұқымдасы
Таралуы. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тау жоталарында – оңтүстікте Талас Алатауынан солтүстікте Жоңғар (Жетісу) Алатауы мен Саурға дейін кездеседі. Бұдан басқа, Оңтүстік Алтай жоталарында, Бұқтырманың оң жағалауында, Орталық Алтаймен шекаралас жерлерде де мекендейді.
Биологиялық ерекшеліктері. Отырықшы. Жұбы көп жылдар бойы 2-3 ұяны бақылай алады, ұяларын жартас қуысына, жартылай үңгірге, сирек тік жартастардың ернеуіне бір-бірінен 1-3 км қашықтықта салады. Күйіктеу орындары қазанда байқалады, 1-2 жұмыртқасы бар ұя желтоқсанда пайда болады, 54-58 күн шайқайды, жалғыз балапан жұмыртқадан шыққан соң 3 айдан кейін қанатына қонады, десе де ұзақ уақыт ересектерінің қамқорлығында болады. Өлекселермен және өлген малдардың сүйектерімен қоректенеді, анда-санда тірі жемтігін (суырлар, қояндар, тасбақалар) аулайды. Ірі сүйектер мен тасбақаларды тасқа тастап, сындырады.