Жаңа технологиялар, жасанды интеллект және трендтер күн санап даму үстінде.
Осы көшке ілесіп, елдің ертеңін қалайтын басты күш – жалынды,рухты, ізденімпаз және еңбекқор жас мамандар.Табиғатты қорғап, ғылымға үлес қосу – ел болашағына қызмет ету. Осы бағытта Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жабас Найман да өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ғылыми ізденіс пен табиғи байлықты зерттеу жолында жемісті еңбек етіп келеді. Әр зерттеуі – табиғатқа тағзым, әр еңбегі – болашаққа мұра, жас мамандардың жарқын жолы – ел дамуына бастар дара!




