A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

Қазақ даласының ең көне әрі тылсым табиғи аймақтарының бірі - Үстірт. Қатал климатымен ерекшеленетін бұл өлкенің жазы аптап ыстық, қысы қақаған аязды, ал жылдық жауын-шашын мөлшері небәрі 120 мм шамасында. Осындай қуаң әрі табиғаты қатал ортаға бейімделіп, еркін тіршілік етіп жүрген жануарлардың бірі - қарақұйрық (Gazella subgutturosa).
Қарақұйрық - сүтқоректілер класына, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Дене бітімі сымбатты, қимылы шапшаң, шөл экожүйесінің табиғи ерекшеліктеріне бейімделген жануар. Ғылыми деректерге сүйенсек, қарақұйрық өсімдіктердің алуан түрімен қоректенеді (жусан, ащы шөптер, сексеуілдің қураған жапырақтары).
Шөл далада шөптің бойындағы ылғалмен қоректенетін қарақұйрықтың төзімділігі мен қанағатшылдығына бола ата бабаларымыз киелі жануар санаған.
Қарақұйрықты қорғау - Үстірттің табиғи мұрасын, биоалуантүрлілігін және келер ұрпаққа аманат болған даланың тіршілік тынысын сақтау.
Аға ғылыми қызметкер А.А.Пулатов.