Берік сүттіген
Семейство Euphorbiaceae - Молочайные
Өте сирек кездесетін түр. Биіктігі 50-70 см-ге жететін жартылай бұта. Сабақтары көп, тік болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қабыршақ тәрізді, ұзыныдығы 8-15 мм-дей болады. Тұқым арқылы көбейеді. Мамыр-тамыз айларында гүлдеп, шілде-қазан аралығында жеміс береді. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Маңғыстауда Сеңгірқұм құмдарында, Солтүстік Үстірттің батысындағы Қауынды ойпатында, шоқылардың етегінде, тастақ және құмды шөлдерде кездеседі





