Neophron percnopterus
Сұңқартәрізділер отряды – Отряд Соколообразные – Falconiformes
Қаршығатектестер тұқымдасы – Семейство Ястребиные – Accipitridae
Таралуы. Африка, Оңтүстік Еуропа, Аравия, Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан; Орта Азия таулары. Қазақстанда Тань-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауының сілемдері, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында, солтүстік ендіктің 46°-на дейін кездеседі. Үндістан мен Африкада қыстайды.
Биологиялық ерекшеліктері. Наурыздың аяғы – сәуірдің басында ұшып келеді, қыркүйектің аяғында ұшып кетеді. Жұбы көп жылдар бойы жазылмайды. Ұялары жартастардың қуысы мен ернеуінде, оны екі құс бірігіп құрғақ бұтақтардан, сүйектерден, шүберек, жүннен салады. Ұялау учаскесінде 3-4 ұя да болады, оларды кезектесіп пайдаланады. Ұяда 1-3, әдетте 2 жұмыртқа сәуірдің аяғында пайда болады, олардың екеуі бірге шайқайды, балапандары 42 күнде жұмыртқадан шығады, ұяны 12 аптадан соң тастайды. Жабайы және үй жануарларының өлекселерімен, қиларымен, жуындылармен қоректенеді, кейде – бауырымен жорғалаушыларды аулайды.