Жаңаөзен қаласы «Тенге» ауылыны
2026 жылдың 27 қаңтар күні Жаңаөзен қаласы «Тенге» ауылының тұрғыны суыққа тоңып әлсіреген аққуды байқап, дереу қорық қызметкерлеріне хабарласқан болатын. Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері аталған мекенжайға барып, әлсіреген құсты қабылдап алды.
Ғылыми қызметкерлер құстың жағдайын тексеріп, оған қажетті күтім көрсеткеннен кейін, қала маңындағы жасанды көлге жіберді. Бұл шара аққудың табиғи ортада өмірін жалғастыруына мүмкіндік берді.
Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде жабайы құстардың әлсіреуі жиі кездесетін жағдай. Осындай сәттерде тұрғындардың дер кезінде хабарлауы табиғатты қорғау ісіне үлкен үлес қосады.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы ауыл тұрғындарына табиғатты аялаудағы белсенділігі үшін алғыс білдіріп, әрбір азаматты қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі.

