Жалбағай
Колпица
Platalea leucorodia
Дегелектәрізділер отряды – Отряд Аистообразные – Ciconiiformes
Тырнақұтандар тұқымдасы – Семейство Ибисовые – Threskiornithidae
Таралуы. Еуразия мен Солтүстік-шығыс Африканың су қоймалары. XX ғасырдың ортасында Қазақстаннның көптеген су қоймалары мен жазықтық өзендерінің атырауларында мекендеген. 1980-1990 жылдары жалбағай тек Еділ-Жайық су айырығының, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның жекелеген су қоймаларында ғана сақталып қалды.
Биологиялық ерекшеліктері. Жыл құсы. Шоғыр құрып, көбіне құтандар және үлкен суқұзғындарымен бірге ұялайды. Ұясы-қамыста (құлаған қамыс, қопалар), кейде бұталар мен ағаштарда. Ұяда 3-4 жұмыртқа болады. Сәуір-мамырдың ортасынан шайқау басталады және 21-25 тәулікке созылады. Ұясының бұзылуы және балапандарының өлім-жетімге ұшырауы 50-60% . Су омыртқасыздары, балықтардың шабақтары және майда бақалармен қоректенеді. Қорегі және ұялайтын орны үшін бәсекелестер құтандар мен қарабайлар болып табылады. Негізгі жаулары – қара және ала қарғалар, саз құладыны және боз шағала.