Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы - табиғаты қатал, бірақ жан-жануарлар дүниесі бай ерекше табиғи мекен. Қорық аумағында орнатылған фототұзақтар жануарлардың табиғи тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді. Фототұзаққа түскен сурет және бейнетаспалар арқылы мамандар жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын, таралу аймағын және табиғи ортадағы тіршілігін зерттеп, бақылау жұмыстарын жүргізеді. Әрбір түскен сурет - табиғаттағы тіршіліктің бір сәті ғана емес, ғылыми зерттеу мен табиғатты қорғау жұмыстары үшін маңызды дерек. Жануарларды сақтау, олардың мекен ету ортасын қорғау - баршамызға ортақ міндет.




