ҚАРАҚҰЙРЫҚ (gazella subgutturosa), тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі – 20-34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады, ешкілері – тоқал.
Үстіртте жұп тұяқтылар отрядының өкілі – үстірт арқары (ovis vigney arcal) мекендейді. Бұл ұзын аяқты сымбатты дала жабайы қойы. Дене тұрқы 120-150 см, шоқтығының биіктігі 77-98 см, қошқарының салмағы 53-80 кг, саулығының салмағы 36-46 кг. Қошқарының мүйізі онша үлкен емес, алға иіліп және ішкі қарай бұрылып тұрады.
Статусы. I санат. Өте сирек түр. Шектеулі территорияда бірен – сарандары кездеседі.
Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы.Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден – бір өкілі.Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.
2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Үстірт МТҚ директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Нурмухамбетов Қазақстан Республикасының оңтүстік шекарасындағы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында қарақұйрық популяциясының қазіргі жағдайын бағалау бойынша халықаралық зоологиялық SOS-джейран экспедициясына қатысып, аталған экспедиция есебінің бірлескен авторы.
Ғылыми зерттеу мәліметтері бойынша ҮМТҚ-ның аумағын жерүсті омыртқалы жануарларының 4 тобының өкілдері мекен етеді, соның ішінде 1 қосмекенді, 15 бауырымен жорғалаушылар, 174 құстар мен 33 сүтқоректілер. Қазіргі уақытта анықталған жерүсті омыртқасыздарының өкілдері 3 (жәндіктер, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер) топқа, 11 жасаққа, 85 тұқымдасқа, 795 түрге жатады.

