2026 жылдың 14-23 ақпан аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары вахталық кезекшілік барысында қорық аумағына бақылау жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік инспекторлар И.Алпамысов, Т.Дарибаев, жүргізуші Ж.Кошчанов қорық аумағының Мәмекқазған-Кендірлі-Өнере аймақтарын бақылап, қорықтың биоалуантүрлілігін сақтап, қоршаған ортаны қорғау шараларын атқарды. Сонымен қатар аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, «Табиғат жылнамасы» кітабына қажетті деректерді жинады.
Табиғатты бірге қорғайық!




