2026 жылдың 27 ақпан күні Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторларына төтенше жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін күшейту және табиғи кешендерді сақтаудағы жауапкершілікті нығайту мақсатында практикалық сабақ өткізілді. Сабақты қорық директорының орынбасары Қ.Мамаев және табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Б.Қожашев жүргізді.
Сабақ барысында төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмі, өрт қауіпсіздігі маусымында сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.




