25 ақпан 2025 жылы Үстірт қорығының мемлекеттік инспекторларына 2025 жылғы "Өрт қауіпті" маусымына дайындық кезінде атқарылатын шаралар туралы теориялық және практикалық семинар сабақтары басталды. Теориялық сабақ кезінде өрттің алдын алу, өрттің шығу себептері, ормандарды өрттен қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік актілер, өрт сөндіруді ұйымдастыру әдістері туралы айтылды.

