A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директор

Бекмагамбетова Эльнара Нурадиновна

тел: 8 771 224 38 70

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ермек Жасқайрат Ермекұлы

Тел: 87056551584

Директордың орынбасары

Қалдыбай Мұхаммедұлы Мамаев

Тел: 8702 961 6388

 

От – адамзатқа жылу мен жарық сыйлайтын игілік болғанымен, бақылаусыз қалған бір ғана ұшқын орны толмас апатқа айналуы мүмкін. Әсіресе өрт қауіпті маусымда табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтамау орман мен дала өрттерінің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Сондықтан «Оттың тілі – қатал» деген сөздің мағынасы әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілікті білдіреді.Орман мен дала өрттері өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасын жойып қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Бір сәттік салғырттықтың салдарынан жүздеген гектар жер күлге айналып, табиғаттың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан байлығы жоғалуы мүмкін.Өрттің алдын алу – әркімнің ортақ міндеті. Табиғат аясында демалған кезде отты тек арнайы рұқсат етілген жерде жағып, кетер алдында толық сөндіру қажет. Темекі тұқылын, сіріңкені жерге тастамау, құрғақ шөпті өртеуден бас тарту және шыны қалдықтарын табиғатта қалдырмау – өрттің алдын алудың қарапайым әрі тиімді жолдары.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде аумақты тұрақты бақылап, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындар арасында түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыруда. Табиғатты қорғау – тек мамандардың ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі.
С.Тоғызбаев