22 мамыр 2026 жылы Үстірт қорығының аумағында көктемгі биотехникалық шаралар аясында кезекші инспекторлар Н.Қайрат,Ж.Жанғалиев, С.Тоғызбаев, Рзаев.Б және Ә.Беков бұлақ көздерін ашу және тазалау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында табиғи су көздерінің маңы тазартылып, бітелген бұлақ арналары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жабайы жануарларға арналған су астаулары сумен толтырылып, олардың еркін су ішуіне қолайлы жағдай жасалды.
Аталған жұмыстар қорық аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтау, жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасын жақсарту және табиғи экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.




