2026 жылғы 4 қазанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы «Қарақия-Қаракөл» қорығына танымдық серуен ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қорықтың биоалуантүрлілігімен танысу, су-батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды бақылау және табиғи экожүйелерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Серуен барысында қатысушылар қорық аумағындағы құстарды бақылап, олардың тіршілік ету ортасы мен табиғи ерекшеліктері туралы мәліметтер алды. Әсіресе, су айдындарында мекендейтін және қоныс аударатын құстарға назар аударылды.Мұндай танымдық іс-шаралар табиғатқа деген қызығушылықты арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және өңірдің табиғи байлығын сақтауға ықпал етеді.
Табиғатты қорғау - ортақ міндетіміз!




