2026 жылғы 4 қазанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік зоологиялық қорығына танымдық серуен ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - қатысушыларды қорықтың биоалуантүрлілігімен, орнитологиялық фаунасымен таныстыру, сондай-ақ құстарды табиғи мекен ету ортасында бақылау арқылы қоршаған ортаға деген қызығушылықты арттыру.
Серуен барысында қатысушылар қорық аумағындағы су маңын мекендейтін құстарды бақылап, олардың тіршілік ету ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар табиғи кешендерді сақтау мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай танымдық іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған.
Табиғатты тану - оны қорғаудың алғашқы қадамы!




