A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің инспекторы мен мемлекеттік инспектордың қызметтік нұсқаулығы.

  1. Қорықтың қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қорық директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
  2. Қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторына табиғи кешендер мен нысандар айналымы бекітіліп және тиісті мемлекеттік меншік айналымының паспорты беріледі. Қызметіне қарай қорғау бөлімінің инспекторы ЕҚТА-ның мемлекеттік инспекторы болып табылады.
  3. Өз қызметінде қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасының заңдары мен Констуциясын, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, жоғарғы органдар мен мемлекеттік табиғи қорықтардың қорғау қызметі туралы ережелеріне сүйеніп, басшылыққа алады.

Қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы білу керек:

Қазқстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»,  «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,

  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін білуі қажет.    

 

Қорғау бөлімінің инспекторы құқылы:

Ағымдағы тәртіппен құжаттарды тексеру, табиғат заңнамаларын бұзушыларды ұстау, олардың жеке киімдерін және автокөлік құралдарын тексеру, заңсыз алынған өнімді және құралдарды тәркілеу, қорықтың табиғи кешендер және қорғау аумағында болған бұзушылықтарды басшыларға тапсыру үшін хаттама толтыру;

  • Бекітілген үлгідегі формалық киімдерді киіп жүру;
  • Айналымға тексеру өткізу кезінде қатысу;

Тұрғылықты қызмет кордонын белгіленген тәртіппен пайдалануға.

 

 

Қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторының міндеті:

  • Белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды ұстау және сақтау, сондай – ақ құралдарды қызметтік байланысты пайдалану;
  • Топографиялық, ландшафтық және орман өсіру шарттарын және айналым ерекшеліктерін білу керек;
  • ЕҚТА режимінде бекітілген тәртіптік, материалдық әкімшілік және қылмыстық нормаларды, өз қызметтік міндеттерін атқаруға қатысты дәрежеде жалпы және арнайы заңнамалардың негізін білуі керек;
  • Мемлекеттік табиғи қорығының табиғи нысандарды қалпына келтіру және пайдалану және қорғау бөлімінің инспекторының жұмысына қатысты қорықтың ережесі мен құрылымын, нұсқаулық ережесін, аймақты қорғау қызметін, бұйрықтар мен нормативтерді, белгіленген қорғау талаптарын білу керек;
  • Қорықтың қорғау, санитарлық-қорғау және басқа қорғау аймақтарын пайдалану үшін берілетін құжаттардың рәсімделу және берілу тәртібін, сонымен қатар әртүрлі табиғат қорғау ережелерін бұзушылықтарға хаттамаларды толтыру, алынған өнімді тәркілеп, орнатылған құжаттарды және есептерді жүргізу тәртібін білуге;
  • Дала өртін сөндірудің әдістері мен құралдарын меңгеру және зиянды дала жәндіктері мен дала ауруларының пайда болуы мен таралуын білу;
  • «Табиғат жылнамасына» бастапқы матералдар жинақтау;
  • Қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлері туралы мәліметтерді, құралдар мен механизмдерді пайдалануды, қолжетімді өлшеу құралдармен бақылау және байланыс құралдарын пайдалана білу;
  • Оған сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті жақсы жағдайда ұстау және сақтау;
  • Қауіпсіздік техникасының ережесін, еңбек тәртібіндегі талаптарды білу.