Қорық аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов, ғылыми қызметкерлер А.Пулатов, С.Турмагамбетов, Ж.Нурмухамбетов және қорықтың вахталық кезекшіліктегі мемлекеттік инспекторлары 2025 жылдың наурыз айының 17-19 аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №25-03-01/82 бұйрығындағы «Жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес Үстірт қорығы аумағында кездесетін аң-құстарға көктемгі санақ жұмыстарын жүргізді.

