Өрт – тілсіз жау. Айтып келмейтін апат табиғи қалыптасқан тепе – теңдікті бұзады, табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиян келтіреді. Сол себепті қоршаған ортаны тілсіз жаудан қорғау қажет. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау табиғатымызға зиянын тигізетінін ескертіп, үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отыру керек. Дала өртін болдырмаудың бірден-бір жолы - табиғат аясында өрт қауіпсіздігін сақтау. Өрттің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарынан болады. Шөптердің жануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктерден лақтырып кеткен өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай т.б себеп болуы мүмкін. Соқпақтармен саяхаттап шыққанда от жаққанда өте сақ болуларыңызды, отты арнайы белгіленген орындарда ғана жағуларыңыз қажет. Әрбір Қазақстан Республикасы азаматын табиғатқа ұқыптылықпен қарап, өрт қауіпсіздігін сақтап жүруге шақырамыз.
Үстірт МТҚ
Өрт қауіпсіздік инспекторы
Н.Мадиев