Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының автопаркі жаңа техникамен толықты
2026 жылғы - ақпанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына «КамАЗ» базасындағы 2 жаңа заманауи өрт сөндіру автокөлігі табысталды. Бұл – қорықтың материалдық-техникалық әлеуетін арттыру бағытындағы маңызды қадам.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері табиғатты қорғау мекемелерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде қорықтардың техникалық жарақтандырылуы күшейіп, төтенше жағдайларға дайындық деңгейі артып келеді.
Жаңа техникалар 3 тоннаға дейін су тасымалдауға қабілетті, арнайы өздігінен қорғану жүйесімен жабдықталған және қозғалыс барысында өрт ошақтарын сөндіруге мүмкіндік береді. Үстірттің кең байтақ, климаты қатаң аумағында мұндай мобильді техниканың маңызы ерекше.
Заманауи өрт сөндіру автокөліктері – табиғатты сақтау жолындағы сенімді құрал. Бұл жаңарту дала өрттерінің алдын алуға, оларды бастапқы кезеңінде жедел оқшаулауға және қорық аумағының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты қолдау болып табылады.




