«Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан Мадиев Нұрбергенді қорық директоры Э.Н. Бекмагамбетова мекеме ұжымы атынан салтанатты түрде құттықтады.
Сонымен қатар, қорық инспекторы Уалиханов Назарбай мен бас есепші Есенгелдиев Есболат Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құттықтау барысында қызметкерлердің мекеме жұмысына қосқан үлесі мен адал еңбегі атап өтіліп, оларға ізгі тілектер білдірілді.
Мекеме ұжымы атынан Мадиев Нұрбергенге ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік өміріне амандық пен бақ-береке тілейміз. Ал марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!
Еңбек еленіп, абырой арта берсін!




