Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында өрт қауіпті кезеңде табиғи кешендер мен нысандарды қорғау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұйрыққа сәйкес, Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Б. Қожашев, инспектор Н. Уалиханов және механик-жүргізуші Қ. Есдәулетов 2026 жылғы 28–30 тамыз аралығында қорық аумағы мен оған іргелес аумақтарда патрульдік бақылау жүргізді.
Рейд барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынып, табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді.
#ҮстіртМемлекеттікТабиғиҚорығы #ӨртҚауіпсіздігі #Маңғыстау #ТабиғаттыҚорғайық




