Табиғи экожүйелерде тыйым салынатын іс-әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2024 жылдың 16-25 ақпан күндері аралығында Үстірт қорығы қорғау бөлімінің инспекторлары
А.Кумусбаев, Б.Сайынов, Е.Айтуов вахталық кезекшілік кезінде қорық аумағында жақын елді мекен, ауыл тұрғындарына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу талаптары, оның ішінде аумақта мал жаюға, жоғалған малды қорық аумағынан іздеуге, атыс және аң аулау құралдарын ашық алып жүруге, өсімдіктер мен бұталарды жұлуға, кесуге және пайдалануға, от жағуға, жер қазуға, шөп шабуға т.б. табиғи экожүйелерде тыйым салынатын іс-әрекеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.