Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының заңгері А.Абиев жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 23 ақпан күні мемлекеттік инспекторларға ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы, ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша сабақтарын жүргізді. Оқудың негізгі мақсаты – инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғау саласындағы заңнаманы дұрыс қолдану және қызмет барысында туындайтын құқықтық жағдайларды сауатты шешуге үйрету. Семинар барысында мемлекеттік инспекторлар «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік қызметшілердің этикасы және әкімшілік жауапкершілікке тарту механизмдері» туралы қосымша сұрақтарына жауап алды. Бұл семинар инспекторлардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына, табиғатты қорғау ісін заң талаптарына сай жүзеге асыруына және кәсіби жауапкершілікті арттыруына ықпал етті.




