Қоршаған ортаны өрттен қорғайық!
Өрттің-адамзат баласына, табиғатымызға, соның ішінде аң мен құстарға, жәндіктерге, ормандарға, оның ішінде сексеуілге, өсімдіктерге көп зиян келтіретіні бәрімізге мәлім. Сәуір айынан бастап қараша айына дейін өртті болдырмау үшін алдын-алу шараларын ұйымдастырып, өрт қауіпсіздігін сақтауымыз керек. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары қорық аумағына жақын орналасқан жеке шаруа қожалықтарына жыл сайын өрт маусымы айларында өрттің алдын алу жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорық аумағына “Өрттен сақ болайық!” аншлагтары жылда жаңартылып қойылуда.
Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қоршаған ортаны өрттен қорғау әрбір адамның міндеті, парызы деп түсінемін. Сондықтан бәріміз бірігіп жұмыла жұмыс жасап, өрт қауіпсіздігін сақтайық.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қорғау бөлімінің басшысы Мамаев Қалдыбай Мұхамбетұлы.


