Өрт – тілсіз жау. Ол бір сәтте-ақ адамның бар еңбегін күлге айналдырып, табиғатқа да, адам өміріне де үлкен зиян келтіреді. Көп жағдайда өрттің шығуына адамдардың жауапсыздығы себеп болады. Сондықтан «Жауапсыздықтың соңы – өрт» деген сөздің мағынасы өте терең.
Кейбір адамдар электр құралдарын дұрыс пайдаланбайды, сөндірілмеген темекі тұқылын тастайды немесе газды қараусыз қалдырады. Осындай ұқыпсыз әрекеттер үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Әсіресе жаз мезгілінде орман мен далада отты дұрыс өшірмеу табиғи өрттердің көбеюіне себеп болады. Мұндай өрттер жануарлар мен өсімдіктер әлеміне орасан зиян келтіреді.
Өрттің алдын алу үшін әр адам қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Үйден шығарда электр құралдарын тексеріп, газды өшіріп кету – қарапайым, бірақ маңызды әрекет. Балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру де өте қажет. Сонымен қатар қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – баршаның міндеті.
Қорытындылай келе, өрттің көпшілігі адамның немқұрайлығы мен жауапсыздығынан туындайды. Сондықтан әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтаса, көптеген қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. «Сақтықта қорлық жоқ» деген мақал осындайда айтылған.
Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы: Б.Қожашев





