
11.08.2023 Үстірт қорығы қорғау бөлімінің басшысы Қ.Мамаев, мемлекеттік инспекторлар Д.Атантаев, Н.Мадиев және "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторларының қатысуымен қаумал аумағында рұқсат етілген және тыйым салынған іс әрекеттер айқындалып, көрсетілген 3(үш) жаңа аншлаг орнатылып, өрт қауіпсіздігі аншлагтары жаңартылды.

2023 жылдың 3-13 сәуір аралығындағы вахталық кезекшіліктегі "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ инспекторлары Досан Атантаев, Айбек Құлтаев, Есбол Аманбаев қорық аумағындағы "Өнере" туристік маршрутымен барған туристердің рұқсат қағазының бар-жоғын және көліктерін тексеріп, қажет болғандарға жол көрсетті.

2023 жылдың 3-13 сәуір аралығында вахталық кезекшіліктегі "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы"РММ инспекторлары Бауыржан Қайралапов, Әділет Беков, Жолаш Жанғалиев, Досан Атантаев, Айбек Құлтаев, Есбол Аманбаев қорық аумағындағы ескерту белгілері мен аншлагтардың жай-күйін тексеріп, инспекторлық кордондардың есігіндегі маңдайша тақталарын (вывески) жаңартты.
- 2023 жылдың 27 ақпан-5 наурыз күндері аралығында "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ инспекторлары құрамына жыл сайынғы семинар сабақтары өткізіледі.
- 2023 жылғы қаңтар айының 20-22 күндерінде “Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы”РММ директорының м.а.
- 2023 ж. 4-5 қаңтар күндері "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" РММ қорғау бөлімінің басшысы Қ.Мамаев, инспектор жүргізуші Н.Артықов, "Қарақия - Қаракөл
- Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің инспекторы мен мемлекеттік инспектордың қызметтік нұсқаулығы.