📆2 қараша 2023 жылы Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі студенттеріне Үстірт қорығының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары қорықтың тыныс-тіршілігі, мекендейтін жануарлары, құстары, табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұмат беріп, дәріс сабақтарын өткізді. Дәріс барысында колледж студенттері туристік маршруттар бойынша сұрақтарын қойып, қызығушылықтарын танытты.
Ағымдағы жылдың 28 наурызында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары С. Хожабаева және А. Сағызбаева Үстірт қорығының жануарлары, өсімдіктері, құстары, жәндіктері, сонымен қатар тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштері жайлы Жаңаөзен қаласындағы политехникалық колледж студенттеріне дәріс оқып, кездесу өткізді.
Үстірт әкімшілігі
- Категория: Без категории
Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары-Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович
Ұялы тел:87002961384
Директордың орынбасары-Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы
Ұялы тел:87718383013
Қабылдау бөлімі: 8(72934) 76 8 33
- Категория: Без категории
- Қаралды: 1085
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
- Мекен-жайы:
- Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Вокзал станциясы, 5Б құрылыс.
-
Электрондық пошта:
-
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. - Үстірт қорығы
- instagram:
- ustirt_kz
- Телефон
- 8(72934) 76 8 33 +7(72934) 46-006; +7(771) 224-38-70;
-
- Категория: Без категории
- Қаралды: 4503
Құрметті достар!
Сіздерді Үстірт қорығы аумағындағы тасты шарлар (конкрециялар), Қараған Босаға үңгірі, Қарынжарық ойпаты (Өнере), Көкесем шатқалдары, арандарды көру үшін "Өнере" және "Көкесем" туристік маршрутымен серуендеуге шақырамыз! Келіңіздер,күтеміз! Қорық аумағында болу және түнеуге қажетті шатырлар мен азық-түліктер, керекті заттардың барлығын өзіңізбен бірге алып келесіз!
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен төлем тарифтері бойынша төлемақы алынады.
Туристерден алынатын қызмет ақылары:
- Туристік соқпақтарды ұсыну 1(бір) адамға 1(бір) күнге-1500 теңге
- Мемлекеттік табиғи қорық аумағында болу 1(бір) топқа 1(бір) күнге:
- Экскурсия жүргізуші-1700 теңге
- Жолсерік-инспектор-1800 теңге (1 топ-10 адам)
- Көлік қызметін ұсыну (УАЗ автокөлігі 9 адамдық): 1(бір) күнге 1 адамға – 1750 теңге
(Көлік өзіңізден болған жағдайда бұл тариф алынбайды. Көліктегі орын саны толған кезде жалға беріледі!)
Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша Салық комитетінің бюджетіне 105313 коды бойынша бір адамға күніне айлық есептік көрсеткіштің 0,1%-ы (бұдан әрі АЕК) төленеді. 2024 жылы 1 АЕК 3692 теңгені құрайды.
Яғни күніне 1(бір) адамға бару үшін төлем 369,2 теңгені құрайды.
Сонымен, келушілер 2 (екі) төлем түбіртегін ұсынғаннан кейін қорық аумағына кіру үшін рұқсат қағазы беріледі.
8(72934) 76833, 87712243870 телефон нөмірлері бойынша жұмыс күндері хабарласуға болады.(дүйсенбі-жұма).
e-mail:
facebook:
instagram: Ustirt_k
Өнере төрткүлдері-Кендірлі сорының оңтүстік шетінде, Өнере бұлағының жайылма суының аяғында орналасқан, ерекше тұрпатты төбелер. Маңғыстауда төрткүл деп пирамида тұрпатты, жан-жағы тік беткейлі төбелерді атайды. Өнереде, сордың ортасында бұл төрткүлдердің бесеуі бар.
Көкесем шатқалындағы шыңның әсем табиғаты көрген жанды таң қалдырмай қоймайды. Мұнда ежелгі теңіз табанының орнында тас болып қатып қалған теңіз жәндіктерінің қалдықтарын, ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ұқсайтын тас мүсіндерді көруге болады. Шыңның төменгі етегінде тас арасынан тамшылап ағатын тұп-тұщы Көкесем бұлағы бар. Бұл құдық арқар мен басқа да жануарлардың тіршілік көзі. Шың жиегінде Көкесем құдығы бар.
- Категория: Без категории
- Қаралды: 1189
Кеңсе ғимаратында 2004 жылы табиғат және өлкетану мұражайлары ашылып, жұмыс жасауда. Мұражай экспозициясында омыртқалы жануарлардың 28 экспонаты (оның ішінде 9-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген), өсімдіктер гербарийлері, палеонтологиялық экспонаттар мен минералдар топтамасы: 40-100 млн. жыл бұрынғы Тетис мұхитында мекендеген теңіз шаяндарының, моллюскілердің қабықшалары, акуланың тістері қойылған.
Мұражайдың этнографиялық залында ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыста қолданылған бұйымдары қойылған. Мұражайда барлығы 110 экспонат қойылған және барлығының айқындамасы бар.