1 қазан 2022 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Л.Шалабекова, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Д.Г.Тұрғамбаев және Маңғыстау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Г.Ш.Досатов «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-не жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс тобы бірінші кезекте қорық ұжымымен танысты. Қазіргі таңда қорықта 44 қызметкер жұмыс жасайды. Директордың уақытша міндетін атқарушы Ж.Э.Нурмухамбетов қорықтың тыныс-тіршілігі және 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Баяндамада қорғау жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, экологиялық ағарту және туризм жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар кездесу барысында қазіргі таңда қорықтың жұмысын үйымдастырудағы проблемалық сұрақтар талқыланды.