2023 жылдың мамыр айында National Geographic грант жобасының, Segré және Conservation X Labs жобаларының қатысуымен Қазақстанда ірі мысықтарды - қар барысы мен Оңтүстік-Батыс Азия қабыланын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба іске қосылды. Жоба үш елде – Түркменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
📌Қазақстандағы Жобаның негізгі орындаушысы – «Биоалуантүрлілікті зерттеу және қорғау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC https://www.brcc.kz/) болып табылады және Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қатысуымен (АСБК https://www.acbk.kz/) жүзеге асырылады.
📆Осы жоба аясында Тамыз айының 1-2 күндері аралығында «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директорының м.а Ж.Э.Нурмухамбетов, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі қызметкерлері Пулатов.А.А, Турмагамбетов С.М және Кендірлі- Қаясан мемлекеттік табиғи қорықтық аймағының қызметкерлері топ жетекшісі Ержанов Г, Аленов Т, инспекторлар Шорабеков А., Нурбергенов М., Бисекенов Н., Утжанов Т. бірлесіп қорықтық аумағында фототұзақтар орнатылды.