21 желтоқсан 2023 жылы «Қарақия-Қаракөл» мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары қорғау жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлі аумағынан 30 бас өлген сыбырлақ аққу құстарының денелерін анықтап, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлады. Құстардың өліміне байланысты тиісті ветеринарлық шараларды алу үшін облыстық ветеринарлық қызметтерге хабарлап, қазіргі таңда өлген аққу
құстарының денелерінен ветеринар мамандары сынамалар алу жұмыстарын жүргізуде. Ветеринарлық шаралардың қорытындысы қосымша хабарланатын болады. «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп қаумал аумағында басқа да құстардың өлім-жітімін анықтау жұмыстарын жүргізуде.