A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Балжегіш аю (лат.Mellivora capensis) – жыртқыштар отрядының сусарлар тұқымдасына жатады.

Мекендейтін жерлері:  Оңтүстік Үстіртте – шыңдардың тілімделген  терең шатқалдары, жотадағы жазықтардың шыңдары мен сайлары. Оңтүстік – батыс Үстіртте – сексеуілдері және алуантүрлі шөптесін өсімдіктері бар, шұңқыры, сайы, қуысы жеткілікті ойлы – қырлы жазықтар. Қарынжарықта – кендірлі соры мен

Қаясан жарларымен шектесетін, ұзын суайрықтары, сайлар кесіп өтетін, баялыш, қараған, сексеуіл, курчавка өскен жазық учаскелер.

Биологиялық ерекшеліктері: Ымыртта – түнде, ал салқын кездерде күндіз де белсенді. Қыста суық кенеттен түскен жағдайда қысқа мерзімді ұйқыға кетеді. Өзі қазған жай індерде, немесе иесіз құмтышқандары мен басқа аңдардың індерін кеңейтіп, сонда тұрады. Жылына бір рет көбейеді, қыркүйек – қазанда ұйығады. Буаздылық – 7 айдай, күшіктері наурыз – сәуірде пайда болады. 1 – 2 күшік туады. Қорегінің құрамында омыртқасыздар мен майда омыртқалы жануарлар кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кірпілер, құм қояндары, тасбақалар кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен жемісін жейді. Жаулары – қасқыр, қойшылардың иттері. Бәсекелестері – түлкі,  шұбар мысық, басқа жыртқыштартар.