A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

ДАЛА ҚЫРАНЫ (Aquila nipalensis)

Сұңқартәрізділер отряды

Қаршығатектестер тұқымдасы

 

Еуразияның далалы  және солтүстік шөлді аймақтары – Дунай өзенінің төменгі сағасынан Забайкалье мен Сары теңіз жағалауларына дейін, оңтүстікте Орта және Орталық Азияның шөлдеріне дейін кездеседі. Қазақстанда ұялау кезінде кең тараған, тек биіктауларда болмайды. Азияның оңтүстігі, Аравия және Африкада қыстайды.

Мекендейтін жерлері – дала, шөлейт, сирек шөл жерлер, бұлардың жер бедері жазық немесе сәл ойлы – қырлы болуы керек, сирек – аласа таулар не үлкен жоталардың бөктерлері.  

Наурыз – сәуірде ұшып келеді, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Ұясын жерге, аласа бұталар мен жартастарға, маяға, сирек ағашқа және электр тоқ желілерінің бағаналарына салады. Сәуірдің бірінші жартысында  1-3 жұмыртқа туады, оларды ұябасары 45 күн шамасында шайқайды, балапандары қанатына 55 күнде отырады. Қорегінің негізін әртүрлі саршұнақтар құрайды.