Қазақстан республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүнисі Комитетінің бұйрығымен «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры лауазымына Сәкен Төребаев тағайындалды. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Ғаббас Досатов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, алдағы уақытта салада
атқарылатын жұмыстардың көп екендігін, өңірдің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту бағытындағы жұмысына табыс тілеп, үлкен сенім білдіретінін жеткізді.
С.Төребаев 1964 жылы 20 тамызда туылған. Еңбек жолын Бас орман шаруашылығы кәсіпорны Маңғышлақ ауданаралық арнайы аңшылық шаруашылық бөлімінде бастаған. Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде жұмыс жасаған. «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау ауданы бойынша бірінші орынбасары, Маңғыстау аудандық мәслихатының V – шақырылымының депутаты, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарған.