A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Лашын  (Falco peregrinus)

Сұңқар тәрізділер отряды

Сұңқартектестер тұқымдасы

Жойылып кету қаупінде тұрған түр. КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы. Туыстың тоғыз түрінің Қазақстан фаунасындағы бір т үрі.

Космополит, яғни барлық жер шарына кең тараған. Шығыс Қазақстан мен Наурызымда ұялары табылған, миграция кезінде барлық территорияда кездеседі, оңтүстік облыстарда қыстайды, үлкен қалалардың маңында жиі кездеседі, ондағы элеваторлар мен астық қабылдау пунктерінде көптеген  дәнқоректі  құстар, кептерлер, түркептерлер түрінде өзіне мол қоректік база табады.

Мекендейтін жерлері. Өте алуантүрлі, оның ішінде орманды далалар, таулар. Қыстау кезінде халық қоныстанған ландшафтарға көнігеді  (онда ұялаған жағдайлары да белгілі).

Биологиялық ерекшеліктері.   Жыл құсы. Ағаштар мен жартастардағы бөтен ұяларды иемденеді, сол сияқты ұясы төсенішсіз табиғи қуыстар. Қоңыр-қызыл түсті 3-4 жұмыртқа мамырда пайда болады және негізінен  ұябасары 29-35 күн шайқайды, балапандары жұмыртқадан шыққаннан кейін 35-42 күннен соң ұясын тастайды. Қорегінде майда және орташа денелі құстар басым, оларды әуеде аулайды. Кейде жарқанаттарды, майда кеміргіштерді, ірі бунақденелілерді ұстайды. Көктемгі ұшып келу наурыз-мамырда, күзгі ұшып кету – тамыз – қарашада жүзеге асады.