Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан Қарынжарық ойпатындағы тұзды сорға түсуге қатаң түрде тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келісімімен берілген тізімдегі журналистерге, блогерлерге, тревел-блогерлерге және медиакреаторларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кедергісіз кіруге, сондай-ақ фото және бейнетүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілген. Бұл жұмыстар өңірдің туристік әлеуетін насихаттау мақсатында жүзеге асырылады.
Алайда қорыққа келуші өзге азаматтарға Қарынжарық ойпатындағы тұзды сорды тек арнайы белгіленген орындардан алыстан тамашалауға ғана рұқсат етіледі.
Жүргізілген бақылау барысында @bagdat_zhuma тарапынан тұзды сор аумағына рұқсатсыз кіргені анықталып, құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Сондай-ақ @serizhan.life тұлғасына қорық режимін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды.
Қорық аумағында белгіленген ережелер мен ескертулерді сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту және айыппұл салу шаралары қолданылады.
Табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Категория: Жаңалықтар





