Неміс халықаралық даму қоғамының (GIZ)
- Категория: Жаңалықтар
Неміс халықаралық даму қоғамының (GIZ)
«Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» аймақтық жобасы бойынша және Михаил Зукковтың қоры Үстірт қорығы ұжымына қорықтың флорасы мен фаунасын қорғау және мониторинг жұмыстарын жүргізуге арналған бірқатар құрал-жабдықтарды тапсырды. Атап айтқанда, дүрбі, GPS қабылдағыштары, үлкен масштабтауы бар цифрлық фотокамералар және цифрлық шағын метеостанция алынды. Құрал-жабдықтар «Smart» жабайы жануарлардың цифрлық мониторингін қалпына келтіру және GIZ және Михаил Зукков қорының бастамасымен Үстірт жонында биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы Өзбекстан, Түркіменстан және Қазақстан арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында алынды. Осылайша, Үстірт қорығының қызметкерлері 2022 және 2023 жылдары Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстанның табиғат қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Ырғыз-Торғай резерваты және Судочье-Акпетки (Өзбекстан) мемлекеттік табиғи қаумалы базасында Орталық Азияның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы жабайы жануарларға цифрлық мониторинг жүргізу бойынша семинарларға қатысты.